Жаңалықтар

17.04.2017
Әлеуметтік тапсырыстың көлемі ұлғайып келеді

Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.Жиында облыстағы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мен үкіметтік емес ұйымдардың республикалық дерекқор базасына мәліметтерді тапсыру мәселелері сөз болды.
14.04.2017
Пресс-релиз

2017 жылғы 14 сәуірде сағат 15.00-де облыстық әкімдік ғимаратының №301 мәжіліс залында Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес кезекті отырысы өтті.
14.04.2017
Облыста 70,5 мың тұрғынды қамтыған 450 шара өтті

Облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудан бір апта бұрын да 70,5 мың тұрғынды қамтыған 450-ден астам әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
14.04.2017
Елбасы мақаласы — рухани жаңғыру тетігі

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының күмбезді залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған отырыс өтті.
14.04.2017
Жетекші сала қарқынмен дамиды

«Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құсайын Сәрсембай ауыл шаруашылығы саласының өткен жылдардағы дамуы мен үстіміздегі жылғы міндеттері туралы баяндады.
14.04.2017
7 округ тұрғындарымен кездесті

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бесінші бағыты бойынша облыстық жұмыс тобы Шалқар ауданына барды. Топ мүшелері ауыл-аймақты аралап, жиын өткізді.
07.04.2017
"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы

Облыста «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында құрылған ақпараттық топ мүшелері  Қандыағаш, Ембі, Жем қалаларында және Ақкемер, Еңбек, Жұрын ауылдық округтерінде болды.
07.04.2017
650 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов «Ақтөбе ақпарат» орталығында брифинг өткізді.
Басқарма басшысы биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды баяндады.
05.04.2017
Биыл облыста 14 886 жер телімі беріледі

«Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қабай Сәрсенғалиевтің қатысуымен брифинг өткізілді. Жиында басқарма басшысы жер қатынастары саласында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биыл жоспарланған шаруалар жөнінде баяндады.
05.04.2017
ЭКСПО-2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін билетті «Қазпошта» акционерлік қоғамының барлық бөлімшелерінен де сатып алуға  мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде «Қазпошта» мекемесінің Қобда аудандық филиалы бұл бағытта қарқынды жұмыс жасап жатыр.
05.04.2017
Сүт өнімдері көрші облыстарға шығарылады

Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Елбасының Жолдауда берілген тапсырмаларына сәйкес ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға қойылған міндеттері туралы айтылды.
03.04.2017
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

Бүгіннен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жанданды. Облыстық әкімдікте аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде жиын өтті.  Жұмыс топтарының басшылары өңір басшысына жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.  Жобаны жүзеге асыру уақыты 3-27 сәуірге дейін жалғасады.
31.03.2017
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ақтөбе облысында жасалып жатқан жұмыстарға жаның сүйсінеді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев екі күндік арнайы жұмыс сапарымен біздің облысымызда болды. Үкімет басшысымен бірге Ақтөбеге «Атамекен» Ұлттық ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, тағы басқа лауазым иелері келді.
31.03.2017
Үкімет басшысы Ақтөбе облысының «Жедел жәрдем» жөніндегі жобасын өзге де облыстарға таратуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе өңірінде, еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласының жақсы дамығанын айтты.
31.03.2017
Премьер-Министр облыста жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының орындалуына арналған жиынға қатысты. Басқосуға аудан әкімдері, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет саласының басшылары, қызметкерлері жиналды.Кездесу алдында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан облыстық Оқушылар сарайының құрылысымен танысты.

Беттер