Жаңалықтар

05.04.2017
Сүт өнімдері көрші облыстарға шығарылады

Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Елбасының Жолдауда берілген тапсырмаларына сәйкес ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға қойылған міндеттері туралы айтылды.
03.04.2017
«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

Бүгіннен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жанданды. Облыстық әкімдікте аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде жиын өтті.  Жұмыс топтарының басшылары өңір басшысына жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.  Жобаны жүзеге асыру уақыты 3-27 сәуірге дейін жалғасады.
31.03.2017
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ақтөбе облысында жасалып жатқан жұмыстарға жаның сүйсінеді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев екі күндік арнайы жұмыс сапарымен біздің облысымызда болды. Үкімет басшысымен бірге Ақтөбеге «Атамекен» Ұлттық ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, тағы басқа лауазым иелері келді.
31.03.2017
Үкімет басшысы Ақтөбе облысының «Жедел жәрдем» жөніндегі жобасын өзге де облыстарға таратуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе өңірінде, еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласының жақсы дамығанын айтты.
31.03.2017
Премьер-Министр облыста жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының орындалуына арналған жиынға қатысты. Басқосуға аудан әкімдері, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет саласының басшылары, қызметкерлері жиналды.Кездесу алдында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан облыстық Оқушылар сарайының құрылысымен танысты.
31.03.2017
Биыл 700 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты.
31.03.2017
Экономиканы технологиялық жаңғырту — жақын болашақтағы басты басымдық

Сапар аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының мәжіліс залында облыстағы ірі өнеркәсіптік  кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өндірісті технологиялық жаңғыру мәселелері талқыланды.
29.03.2017
Аудан тұрғындарының 43 пайызы газбен қамтылған

Қобда ауданының орталығында биыл 3 екі қатарлы тұрғын үй, келесі жылы 4 осындай үй салынып, 2020 жылға қарай көп қатарлы үйлерден тұратын шағын аудан бой көтереді деп жоспарланып отыр.Бұл жөнінде кеше «Ақтөбе ақпарат»  орталығында өткен брифингте Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет айтты.
27.03.2017
ЭКСПО-2017

Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетіні белгілі. Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының туризм бөлімінің басшысы Жанна Бүркітбаеваның айтуынша, «жасыл экономика» саласында Ақтөбе өңірі тарапынан іріктелген 25 инновациялық жобаның екеуі су ресурстары бағыттары бойынша ұсынылған. Олар — «Болат ЛТД» ЖШС әзірлеген «Суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру» жобасы және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-ның «Жасыл технология» тақырыбындағы  қалдықсыз өндірісі.
27.03.2017
Ақтөбеде «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми кассасы ашылды

Өткен сенбі күні «Керуен» (бұрынғы «Мега Ақтөбе») сауда, ойын-сауық  кешенінде Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсімі болды.
27.03.2017
ЭКСПО-2017 көрмесі үшін БАҚ өкілдеріне арналған аккредитация ашық

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы" АҚ Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі үшін БАҚ аккредитациясы 2017 жылдың 20 наурызынан бастап ашық деп жариялайды. Аккредитация 20 наурыздан бастап Көрменің соңы, 9-шы қыркүйекке дейін жалғасады.
25.03.2017
Ұлыстың ұлы күнін Ақтөбе жұртшылығы ерекше тойлады

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ алаңына, Әбілқайыр хан даңғылының бойына 30-ға жуық киіз үй тігілді.
21.03.2017
Жерсеріктік OTAU TV хабар таратужелісінде жаңателеарна Discovery ShowcaseHD хабар таратуын бастады.

1 наурыз күні қазақстандықтарға алғаш рет  шетелдік телеарна контенті мемлекеттік тілде ұсынылды. Телеарнаның даму болашағы, сондай-ақ «OTAU TV» абоненттерін қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғаны туралы «Қазтелерадио» АҚ филиалы — Ақтөбе облыстық телехабар тарату дирекциясының басшысы Арыстан Ахметниязов айтып берді.
21.03.2017
Ел мен ұлттың ертеңі…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз мемлекеттігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», — деп атап өткен еді. Экономикалық тұрғыдан қаншалықты алға кеткенмен, рухани жұтаңдық қоғамның болашағына қауіп төндірмей қоймайды. Сондықтан жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі әрдайым басты назарда болмақ.
17.03.2017
Венецияда алдағы ЭКСПО көпшілікке таныстырылды

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Венецияның Қазақстандағы Құрметті Консулы және «Venicecom Group»бірлестігінің Президенті Пьерлуиджи Алуизио кездесті.

Беттер