Жаңалықтар

13.03.2017
Министр әлеуметтік мекемелерді аралап, жаңа бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен танысты

Өткен сенбіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында министр бірқатар әлеуметтік мекемелерді аралап, өңірде жаңа бағдарлама аясында жасалып жатқан жұмыстармен танысты.
10.03.2017
Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

Жоба
Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.
08.03.2017
Әйел — ана, әйел — өмір, әйел — жыр!

Ақтөбе қаласындағы «Алтын сарай» мейрамханасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шын жүрегімнен» атты мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов қатысты.
24.02.2017
Ақтөбе өңірінде Елбасы тапсырмасы толықтай орындалды

Сәрсенбі күні Ақтөбедегі Теннис орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп берді. Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуіне соғыс және еңбек ардагерлері, ірі кәсіпорындар мен мекемелердің, қоғамдық, діни және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, облыс орталығының тұрғындары келді. 12 ауданның тұрғындары жиынға онлайн режимінде қосылды. Сондай-ақ, облыстық телеарнада және әлеуметтік желілерде жиыннан тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.Есептік кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ төрағасы Ерболат Досаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков қатысты.
22.02.2017
Бюджетке түскен салық көлемі 107 пайызға орындалды

«Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов журналистерге өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, биылға жоспарланған шаруалар туралы айтты.
17.02.2017
Қоғамдық кеңес

Елбасы қоғамның белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күресте  көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты» деп тағы да атап көрсетті.Елімізде мемлекеттік, аумақтық, бюджеттік бағдарламаларды қоғамдық бақылаудың барлық деңгейде берік тетіктері жасалған. Алдыңғы күні Қуаныш Елубаевтың төрағалығымен өткен облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы осының айқын мысалындай көрінді.
16.02.2017
ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерінің тұсаукесері өтті

16 ақпан күні «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Коммерциялизациялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев ЭКСПО-2017 кәдесый өнімдерін көрсетті.
15.02.2017
Биыл Әйтеке би ауданында 9 коммуналдық тұрғын үй салынады

Биыл Әйтеке би ауданының Аралтөбе, Жабасақ, Тұмабұлақ ауылдарына су құбыры тартылады. Бұл — ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынатын шара. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов мәлімдеді.
14.02.2017
Баспасөз-ақпарат

Ағымдағы жылғы 15 ақпанда сағат 16.00-де облыс әкімдігінің 301 залында Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді
10.02.2017
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар аудандарда жүзеге асады

Биыл облыстың әлеуметтік саласына 111,8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева мәлімдеді.
10.02.2017
Қобдада «Сыбаға» бағдарламасы 207,9 пайызға орындалды

Жыл қорытындысын шығаруға және алдағы бағыттарды айқындауға арналған Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің есебінде көптеген мәселелер қамтылды. Әсіресе, Елбасы ерекше назар аударып отырған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуы, осы бағытта жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіп жасауға ұмтылған тұрғындарға көмек беру жайы таратылып айтылды.  Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап көрсеткендей, бүгінгі күні кәсіп жасаймын, ісімді ілгері бастырамын дегендерге мүмкіндік мол.
03.02.2017
Депутаттар Елбасы үндеуі мен жолдауын түсіндірді

Студенттер сарайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Артур Платонов, Дания Еспаевалар мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Елбасы Үндеуі мен халыққа арнаған биылғы Жолдауын талқылау мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттермен кездесті.
03.02.2017
Екі аудан: екі түрлі көрсеткіш

Темір және Байғанин аудандары тұрғындарын толғандыратын мәселелер ұқсас — тұрғын үй, жұмыс, газ, жарық, ауызсу, жол, мектеп және балабақшаның жайы. Көпшілік ауыл жастары жеңіл жұмыс күтіп жүргенде, екінші бір бөлігі несие алып, өз ісін бастап жатыр. Байғанин, Темір аудандары әкімдерінің есепті кездесулеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Президент Әкімшілігінің  Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.
02.02.2017
«Өрлеу» және шартты қаржылай көмек

Ұлт жоспары Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын іске асырудағы 84-қадам — әлеуметтік көмекті оның атаулық сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды тиімді орындау мақсатында «Өрлеу» жобасы әзірленген болатын. Осыған байланысты облыста 2015 жылдың 1 шілдесінен  бастап   Ақтөбе қаласы және Мәртөк, Мұғалжар аудандары шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын осы жобамен қамтылды. Былтыр  бұл жоба облыстың барлық қала, аудандарында жүзеге асырылды.
01.02.2017
Облыс активінің жиыны

Облыстық әкімдікте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиыны өткізілді.Алқалы жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл стратегиялық маңызды  құжаттың мемлекеттің өркендеуіне негіз қалайтынына тоқтала айта келе, өңірлердің де дамуына айқын жол ашатын басым бағыттарға кеңінен сараптама жасады.Жолдауды талқылау жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.

Беттер