Жаңалықтар

21.11.2016
Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының VІI Форумы

«25 жұлдызды күн» акциясы аясында 2016 жылғы 22 қарашада сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының күмбез залында «Тәуелсіздік пен әріптестікке 25 жыл» атты Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының VІI Форумы өтеді.
12.11.2016
Ақтөбеде «Наркескен тілмен жыр етем, мәңгілік елдің мұратын» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Бұл — айтыскер ақындардың биылғы Тәуелсіздік тойына шашуы. Былтырғы күзде облыс орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бабадан қалған байтағым» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, ақтөбелік өнерсүйер қауым бір серпіліп қалған еді. Арада бір жыл өткенде, ата-бабадан қалған асыл өнерді серік етіп жүрген бір топ ақын: «Армысың, ару Ақтөбе, Ақтаңгерлердің аймағы!» — деп (Айнұр Тұрсынбаева), біздің қаламызға тағы келді.
12.11.2016
Жаңа бағдарлама ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін өте тиімді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасының жұмыс жасау жүйесін түсіндіру мақсатында жиын өткізді. Бұл жиынға Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан фермерлер, кәсіпкерлер қатысты.
10.11.2016
Бердібек Сапарбаев: ауылдағы тіршілік көзі — мал, оны өсіріп, өнімдерін молайту керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байғанин ауданына жұмыс бабындағы сапары Ноғайты ауылынан басталды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс істеуі бүгінгі күні ерекше маңызға ие. Сондықтан да атқарушы билік тарапынан осы салаға тұрақты көңіл бөлініп келеді.
08.11.2016
Тәуелсіздік мерейтойына 160-тан астам шара жоспарланып отыр

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақтөбеде 37 өндірістік және әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қала аумағында 83 көшеге жаңа атау беріледі деп күтіліп отыр.
03.11.2016
Облыс әкімі Мәртөк ауданын аралады

Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі өтетін «Жайсаң» шекаралық бекетінің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Өйткені, осы жол арқылы батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай сапар шегетін көліктер саны күн өткен сайын көбеюде. Мұның өзі мұндағы қызмет сапасын арттыруды талап етеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданына кезекті жұмыс сапарын нақ осы жерден бастады.
03.11.2016
Ақтөбелік кәсіпкерлер Тәуелсіздік мерекесіне орай тарту жасады

Облыстық мәслихат депутаты Талғат Салфиковтың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына қосқан үлесі ретінде өзі басшылық ететін «Анвар» ЖШС-на қатысты супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар 20 тауардың бағасын Жаңа жылға дейін көтермеу туралы бастамасын ақтөбелік кәсіпкерлер бірден қолдады. Бүгінде Ақтөбе қаласы бойынша  100-ден астам кәсіпкер өз салалары бойынша халыққа бағаны өсірмеу туралы шешімдер мен жеңілдіктер жасап отыр.
02.11.2016
Баспасөз-ақпарат

2016 жылғы 2 қарашада сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында (конференц-зал) Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бастамасымен «Террористік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жауапкершілікті күшейту туралы» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді.
01.11.2016
Техникалық реттеу мен өлшем бірлігі — бақылауда

 «Ақтөбе-ақпарат» баспасөз орталығында Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Данияр Қиманов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, өзі басқаратын мекеменің жұмыс барысымен таныстырды.
01.11.2016
«Туған жерім — нұрлы елім!» Темір ауданы жеңімпаз атанды

Сенбі күні облыс орталығындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында биылғы маусым-қыркүйек айларында өткен  облыс аудандары күндерінің қорытындысы шығарылды. Онда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жеңімпаздарды құттықтап, сый-сияпат тапсырды.
04.10.2016
Елордалықтар: Ақтөбенің дәмі ерекше!

1-2 қазан күндері Астана қаласында жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Бұл — Астанадағы «Қуатты өңірлер — қуатты Қазақстан» атты Ақтөбе облысының күндері аясында ұйымдастырылған шара.Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
01.10.2016
«Үйретуге әрі үйренуге келдік»

29 қыркүйекте облысымызға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бастаған жұмыс тобы келді. ның құрамында 11 министрліктің, ҰҚК-нің, Терроризмге қарсы республикалық орталықтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚХА-ның, ҚМДБ және басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Барлығы 200-ден астам маман бір ай бойы жергілікті тұрғындармен кездесулер, семинарлар, дәрістер, т.б. шаралар өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен түсіндіреді.
29.09.2016
Ақтөбе — инвестицияға қолайлы мекен

Ақтөбеде «AKTOBE INVEST-2016» IV халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумға ҚР Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың өкілдері, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасы мен Франция, Кувейт мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Словакия, Голландия және өзге де елдердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, форум жұмысына ел аймақтарынан беделді сарапшылар мен ірі инвесторлар қатысты.
27.09.2016
«Туған жерім — нұрлы елім»: Ақтөбе қаласындағы Қобда ауданының күндері

Сенбі күні «Табыс» коммуналдық базарында Қобда ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. «Құт-береке дарыған Қобда» атауымен өткізілген жәрмеңкеде қала тұрғындарына ет, құс, балық, сүт, бау-бақша және көкөніс өнімдері арзан бағасына сатылды.
22.09.2016
«Мәңгілік ел» идеясы — жастардың көзімен

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына арналған түрлі шаралар жыл басынан жер-жерде өткізіліп келеді. Соның бірі — кеше Ақтөбеде ұйымдастырылған Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын қуаттаған және оны талқылауға бағытталған «Мәңгілік Ел — болашағы біртұтас ұлт» атты аймақаралық патриоттық форумы. Ауқымды шараға  республиканың әр түкпірінен 300-ге жуық қатысушы жиналды.

Беттер