Басқарма басшысы

Бұлбұл Ораққызы Елеусінова 1976 жылы қыркүйекте туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 2004 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік және мәдени даму бөлімінде бас маман болып қызмет еткен, сонымен қатар, Қобда ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдың қараша айынан бері – облыс әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
Азаматтарды қабылдау кестесі
әр айдың үшінші аптасының бейсенбісі 10.00 - 13.00 аралығында
Телефон: 56-26-69