Жерлестерді қолдайық.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында елімізде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты –100 табысты қазақстандықты тауып, еңбегімен елеулі жетістікке қол жеткізген отандастарымыздың өмірін насихаттау мен дәріптеу болып табылады. Қазіргі таңда жобаның онлайн дауыс беру кезеңіне 11 ақтөбелік жерлестеріміз еніп отыр.
Құрметті жерлестер!
Ақтөбе облысынын өткен 11 үмiткер спорт, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, қоғам категориясы бойынша республикалық іріктеу кезеңіне өткен жерлестерімізді қолдау үшін 100esim.el.kz сайтындағы онлайн дауыс беру жүйесiне кіруіңіз қажет. Ол үшін әр адам әлеуметтік желідегі аккаунты немесе поштасы арқылы тіркелуі тиіс.Әр категориядан Сіздің таңдаған 3 адамға дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.
1.Бизнес: К.Майтеков, М.Абиев, И.Салжанов, А.Тулеуов
2.Мәдениет: Э. Байгазин, Г. Балпеисова
3.Спорт: С.Ведюшкин
4.Медицина: Г.Елеуов, Ш.Оразмаханұлы
5.Қоғам:Ш.Жолдасбаев, Ю.Хон