Облыстық жəне аудандық басылымдарға тегін жазылу сертификаттары табысталды

"Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық топ өкілдері Мұғалжар ауданында өз жұмысын бастады. Жұмыс сапары барысында «Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС қызметкерлерімен, Қандыағаш қалалық өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің студенттерімен және белсенді жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуде топ мүшелері Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы, "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуі жөнінде мекеме қызметкерлеріне жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге кездесуге қатысушылар арасында ауданның қоғамдық-саяси ахуалын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіліп, әдістемелік құралдар таратылды. Кездесу барысында қатысушыларға облыстық "Ақтөбе" және аудандық "Мұғалжар" газеттеріне 6 айға тегін жазылуға 18 сертификат тапсырылды.