Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3 сәуір күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында десанттық топ Мұғалжар ауданының, Қайынды ауылдық округінің, Алтынды елді мекеніне келді. Жоба аясында топ мүшелері ауыл тұрғындарымен және «АltynEX» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына ҚР Президентінің Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасы бойынша әдістемелік құралдар таратылды. Алтында ауылының тұрғындары арасында десант жұмысының тиімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.