Цифрлық Қазақстан

Ақтөбе политехникалық колледжінің техникалық мамандық студенттері арасында Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын кеңінен талқылап, түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға облыстық жастар ресурстық орталығының өкілі, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ университетінің PhD докторы Жантурина Нұргүл және «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының мүшесі Қуанғалиева Әсел қатысты. Студенттер инновация мен жаңа технологиялардың даму қарқынындағы Қазақстанның жағдайы туралы өз ойларымен бөлісті.