63 728 адам қамтылды

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 2-26 сәуір аралығында облыстағы Мұғалжар, Темір, Алға, Байғанин және Шалқар аудандарында жүзеге асырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындар арасындағы түйткілді мәселелерді шешу, қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатындағы жоба барысында 63 728 адамның қатысуымен 1 328 шара өткізілді, 1 414 адамға нақты көмек көрсетілді.
Дін тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі бірінші бағыт бойынша 320 шара өткізіліп, 17 246 адамға экстремизм идеологиясының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігі, исламдағы ханафи мазхабының ролі туралы айтылды. Деструктивті діни ағым ұстанушы 353 адаммен 45 кездесу өткізіліп, нәтижесінде 42 адам дәстүрлі исламға оралды. Әйелдер жамағатымен де (130 адам) кездесулер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ 34 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, мәселен, «Үлкен сұрақ» қойылымы, «Қара жол» кинофильмі көрсетіліп, концерттер болды. 7 126 адамның қатысуымен 26 спорттық шара ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы қырыққа жуық шараға 3216 оқушы қатысты. Қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде сотталған 559 адамның қатысуымен 3 шара ұйымдастырылды.
Екінші «Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша120 шара ұйымдастырылды. Оған 3 527 адам қатысты, 92 адамға нақты көмек көрсетілді. Мәселен, «Береке» шаруа қожалығының басшысы А.Нұрлыбаеваға «Табыс» коммуналдық базарында сүт өнімдерін сатуы үшін сауда орнын алуға көмек көрсетілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жергілікті филиалы өкілдері «Әмір» қожалығының басшысы А.Оразғалиевтің 4 млн көлемінде жеңілдікпен несие алуға қажетті құжаттарын қабылдады. Аталған қор өкілдері «Дәулет-77» шаруа қожалығының лизингке «Беларус 80.1» техникасын алу жөніндегі арызынмақұлдады. А.Амандық, М.Әзірбаев, А.Тоқсанбай сынды азаматтарға «Бизнес-Кеңесші» тренингіне жолдамалар берілді. Бизнес жүргізу ісіне қатысты өткізілген семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтарына барлығы 741 адам қатысты.
«Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Даму», «ҚазАгроҚаржы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» сынды институттар арқылы жүзеге асырылатын шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.
«Әлеуметтік мәселелерді шешу» үшінші бағыт бойынша 362 шара өткізілді, оған 12 642 адам қатысты, 1 301 адамға нақты көмек көрсетілді. «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциялары барысында 159 адамға 2 млн 638 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жұмыссыз жүрген 356 адамның 384-і жұмысқа орналастырылды.
Медицина мамандары 4005 жасөспірімді қабылдады, облыс хирургтері 28 ота жүргізді. 2 761 балаға стоматологиялық көмек көрсетіліп, 151 адам толық тексеруден өтуі үшін облыстық ауруханаларға жолданды.
Топ мүшелері 1450 адамның үйіне барды, олардың қатарында 367 мүгедек адамдар, 236 аз қамтылған отбасылар, т.б. бар.
Еңбек заңнамаларын түсіндіру бойынша 113 еңбек ұжымында 2 856 адамның қатысуымен кездесулер өткізілді. 360 еңбек келісімшарты жасалды.
Төртінші «Ақпараттық жұмыс» бағыты бойыншатұрғындар арасында Елбасы жолдауы, бес әлеуметтік бастама мен «Рухани жаңғыру» сынды маңызды құжаттар, басқа да мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпараттар берілді. Жедел сауалнамалар мен кездесулер барысында ауыл тұрғындары арасындағы түйткілді мәселелер анықталды. Бұл бағыт бойынша барлығы 108 шара өткізілді. Оған 5 126 адам қатысты. Жүргізілген шаралар барысында әлеуметтік желілерге шыққан ҚР заңнамаларына қайшы келетін 320 ақпараттық материал анықталып, 192 материал жойылды. Қалған материалдарды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жастардың қатысуымен 19 мәдени-көпшілік шара өткізілді.
«Терроризм қаупіне дайындық, күштік блоктың өзара ықпалдастығы мен дайындығы» сынды бесінші бағытқа сәйкес 24 663 адамның қатысуымен 300 шара өткізілді. Лаңкестік қаупіне дайындық сапасын арттыру бағыттарында38 кездесу ұйымдастырылды. 9 566 адам террор қаупі туғанда не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар алды. Бұған қоса 3 770 адамның қатысуымен 46 оқу-практикалық сабақтар өткізілді. «Қару», «Мигрант», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шаралар барысында 96 құқықбұзушылық дерегі анықталып, 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Терроризм мен экстремизмді қаржыландырудың жолын кесу» алтыншы бағыты бойынша 524 адамды қамтыған 118 шара өткізілді.