Қайырымдылық акциясы

«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Біз біргеміз!» әлеуметтік маңызды акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың аналарына арналған «Ана шапағаты - Мамин бал» салтанатты шарасын өткізді.
«Ана шапағаты - Мамин бал» салтанатты шарасы барысында мүмкіндігі шектеулі ересек жандардың атынан алғыс айтылып, «Аналарға тағзым» бейнеролигі, «Аналарға арналған» шаралардың фото тізбегі көрсетілді.
Шараға қатысқан әр анаға сал аурулар қоғамдық бірлестігі атынан «Ана шапағаты» төсбелгісі , «Анаға хат», анаға арнайы сыйлық тапсырылды.
«Жұбановтар әлемі» ғимаратының иесі Майтекова Лаура Амангелдіқызы аналарға тосын сыйы ретінде республика танымал «Меzzо» музыкалық тобының ән-шашуын арнады.