Әрекетсіз заңды тұлға: салдары, жабу жолы

2018 жылдың 17-18 сәуірінде республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына Ақтөбе облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Қ.Көшкінбаевамен жаңа Салық кодексінде әрекетсіз заңды тұлғаларды сот тәртібімен мәжбүрлі түрде жабуға мүмкіндік беретін норманың алғаш рет қарастырылғаны туралы ақпарат айтылды.
Мәжбүрлі түрде жабуға жататын әрекетсіз заңды тұлғаларды іріктеу критерийлері, тәртібі, мерзімі Салық кодексінің 93 бабында бекітілген.
Заңды тұлғаны әрекетсіз деп тану олардың құрылтайшыларына, басшыларына басқа кәсіппен айналысуға, басқа әрекет ететін заңды тұлғаның заңды басшысы болып тағайындалуға кедергі жасайды, өйткені олардың әрекетсіз заңды тұлғаға қатысы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11 бабына сәйкес тіркеу процедураларын өткізуден бас тартуға негіз болып табылады.
Мысалы, 2017 жылдың қорытындысына сәйкес тек Ақтөбе облысының әділет органдарымен 30-дан (отыздан) шақты заңды тұлғаларға қатысты тіркеу процедурасын өткізуден нақты осы негіз бойынша бас тартылды.
Егерде атыңызда тіркелген әрекетсіз заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде жапқыңыз келсе, жылдың аяғына таман әрекетсіз заңды тұлғаны жабу туралы талап арызбен сотқа жүгінетін мемлекеттік кіріс органдарына хабарласуды ұсынамыз.
Мемлекеттік кіріс органдарымен жасақталған 09.04.2018ж. жағдай бойынша мәжбүрлі түрде таратуға жататын әрекетсіз заңды тұлғалардың тізімін қоса жалғаймыз.
Қосымша:
Список word.docx

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің
бөлім басшысы
Көшкінбаева Айнұр Қуанышқали қызы