Жігер-2018

29-30 мамыр күндері облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері институтының әскери базасында облыстық «Жігер-2018» әскери-патриоттық жиыны өткізілуде.
Жиынға 17-23 жас аралығындағы әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, облыстың ЖОО мен колледж студенттері қатысуда.
Екі күнге созылатын жиында қатысушылар шатырлы қалашықта тұрып, «Алау жанындағы кеш» сауықтыру іс-шаралары, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу және тренинг сабақтары өткізіліп, әскери базада ұшқыш курсанттардың көрсетілімдері тамашаланады.