Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

«Дабыл-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жалғасып жатыр.
Оқу-жаттығу шараларын өткізу мен әскери және арнайы техниканың жұмысы кезінде Алға және Қандыағаш қалаларының бағыты бойынша көлік кептелістері туындауы мүмкін.
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындарынан өткізілетін жаттығуға түсіністікпен қарап, өтірік ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеуді сұраймыз.
Дағдарысты жағдайлар жөніндегі өңірлік жедел штаб