Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

Ақтөбе облысында «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары жалғасуда.
Жаттығу жиындарының негізгі іс-қимылдары 6 маусым күні Мұғалжар ауданының аумағында, Қандыағаш қаласына жақын аймақтарда жалғасады.
Оқу-жаттығу шараларын өткізу мен әскери және арнайы техниканың жұмысы кезінде Қандыағаш қаласы мен қала маңындағы елдімекендерде көлік кептелістері туындауы мүмкін.
Осыған байланысты облыс тұрғындарынан өткізілетін жаттығуға түсіністікпен қарап, жалған ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеуді сұраймыз.
Оқу-жаттығу жиындарының өткізілу барысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындары ақпараттандырылып отырады.
Дағдарысты жағдайлар жөніндегі өңірлік жедел штаб