Облыс әкімі шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысындағы сумен жабдықтауды дамытудың өзекті сұрақтары талқыланды.
2017 жылы облыста «Нұрлы жол» және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалыры аясында сумен жабдықтау және су тарту бойынша 30 жобаны жүзеге асыру басталды.
Бұдан басқа республикалық бюджет қаражаты есебінен Ырғыз ауданының Нұра және Мамыр ауылдарын сумен қамту жұмыстары басталды.
Бүгінде 18 жоба жүзеге асырылды, 12-сі жыл соңына дейін аяқталмақ. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Амановтың айтуынша өткен жылы атқарылған жұмыстар халықтың 92,6%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша ақтөбеліктерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету94,2%-ға дейін өседі деп жоспарланып отыр. 2018 жылы облысты сумен қамтамасыз етуге және су тартуға 6 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарындағы 25-тен астам ауылды сумен жабдықтау жұмыстары басталып та кетті. Баяндаманы тыңдап шыққан облыс әкімі 2019 жылы салуды жоспарлап отырған сумен жабдықтау нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларды жасауды жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы экономикалық тұрғыда тиімсіз кішкентай ауылдарды сумен жабдықтаудың нүктелі механизмін жасау тапсырылды.
Сонымен қатар жиын барысында суға түсу маусымында облыстың су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. Әдетте, судағы кездейсоқ жағдайлар өздігінен суға түсу орындарында орын алады. Осы фактіні ескере отырып, биыл біздің облыста жабайы жағажайлар коммуналдық шаруашылыққа айналды. Бұл қоғамдық құтқарушыларға және полицияның ерікті көмекшілеріне кезекшілік құруға мүмкіндік береді, ал суға түсу орындарына бару халық үшін тегін болады. Төтенше жағдайлар департаменті бастығы міндетін атқарушының айтуынша, биылғы жылы облыста барлығы 58 жағажай болады, олардың 44-і коммуналдық.
Жиын балық шаруашылығын дамыту мәселелерін қараумен жалғасты. Атап кетейік, 2016 жылы аймақта балық шаруашылығын дамытудың арнайы бағдарламасы қабылданды, оның шеңберінде су қоймалары алғаш рет көл-тауарлы балық шаруашылығына бекітілді. Бірқатар басқа шаралар қабылданды, су объектілерін белсенді қоректендіруді қоса алғанның нәтижесінде өндірілген балықтың көлемін жыл сайын ұлғайтуға әкелді. Атап айтқанда, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, 2016 жылы біздің облыстың балық аулау лимиті 122 тонна, 2017 жылы - 245,9 тонна, ал 2018 жылы - 365,4 тоннаны құрады. Қоса кетейік, тек 2017 жылы әртүрлі балық тұқымдарының 1,9 млн. шабақтары су қоймаларына жіберілді.  
Орман шаруашылығын дамыту туралы да айтылды. Ағымдағы жылы басқармамен 925 гектар аумаққа орман ағаштары отырғызылды. Бердібек Сапарбаев өңірді көгалдандыру, кепкен ағаштарды жою және орман тұқымбақтарын дамыту жөніндегі жұмыстарын белсенді жалғастыруды тапсырды.