Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!

Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!
 Ақтөбе облысында «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу жаттығу жиындары жалғасуда.
 Оқу-жаттығу жиындарының негізгі іс-қимылдары ағымдағы жылдың 7 маусымы күні Мұғалжар ауданының аумағында, Жем қаласының маңында өтеді.
 Оқу-жаттығу шараларын өткізу мен әскери және арнайы техниканың жұмысы кезінде көлік кептелістері туындауы мүмкін.
 Осыған орай облыс тұрғындарынан өткізілетін жаттығуға түсіністікпен қарап, жол жүру кезінде көлік қозғалысын ерте жоспарлап және жалған ақпарат пен арандатушылық қауесеттерді таратуға жол бермеуді сұраймыз.
 Оқу-жаттығу жиындарының өткізілу барысы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындары ақпараттандырылып отырады.
Дағдарысты жағдайлар жөніндегі өңірлік жедел штаб