Акция аясында 5 тонна күл-қоқыс шығарылды

ҚР Мемлекеттік қызметінің және Астана қаласының 20 жылдығына орай облыстың мемлекеттік қызметшілері арасында "20 игі іс" акциясы жүзеге асырылуда.
Бүгін, 9 маусым күні аталған акциясы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Экологиялық марафон» өткізілді.
Ішкі саясат басқармасы мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінен, «Жасыл ел» еңбек жасақтарынан құралған 100-ден астам белсенді топ Ақтөбе су қоймасының жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шараға қоршаған ортаны қорғау жанашыры «Невада-Семей» ядролық қозғалысының Батыс аймақтық филиалының» директоры І.Көбенов те ат салысып, акцияға қатысушыларға қала тазалығын сақтау, экологиялық мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.
Марафонның қорытындысы бойынша су қоймасының жағалауы 5 тонна күл-қоқыстан тазартылды.
Шараға белсенді қатысқан жастарға алғыс хаттар табысталды.