«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Ақпараттық жұмыс тобы», Ақтөбе қаласының Бекқұл баба, Қарғалы және Қызылжар елді мекендерінде кездесулер өткізді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Ақпараттық жұмыс тобы», Ақтөбе қаласының Бекқұл баба, Қарғалы және Қызылжар елді мекендерінде кездесулер өткізді. Жоба аясында топ мүшелері аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында десанттық топ мүшелері тұрғындарға ҚР Президентінің Жолдауын, 5 әлеуметтік бастамасын, Рухани Жаңғыру бағдарламасын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелерін және тағы да басқа мемлекеттік бағдарламалар мен облыс әкімінің Аналарға тағзым және Бақытты бала жобаларының жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Сонымен қатар, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында тұрғындардың қоғамдық саяси жағдайын бақылау мақсатында сауалнама жүргізіліп, әдістемелік құралдар таратылды. Тұрғындар тарыпынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.