Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет ету мәселесі бойынша халықтың өзекті проблемаларын шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 18 маусымынан бастап «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы өз жұмысын жалғастырды. Жобаның мақсаты – облыс тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу, елдімекендер тұрғындарына медициналық көмектер көрсету, өңірдегі кәсіпкерлік саланы дамыту, қала мен елдімекендер тұрғындарына мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын ақпараттық-түсіндіру.Сонымен бірге теологтар мен имамдар елдімекендер тұрғындарымен, оның ішінде дәстүрлі емес діни бағытты ұстаушылармен жеке және топтық кездесулер өткізеді.Жоба аясындағы жұмыстар Ақтөбе қаласында, Хромтау және Мәртөк аудандарында 30 маусымға дейін жалғасатын болады.