АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының Заңнамалары діни экстремизм мен терроризмнің барлық белгілеріне тыйым салады! Мұндай әрекеттер үшін елімізде қатаң жаза көзделген! Құрметті азаматтар! Сіздерден қандай да бір терроризм актісінің дайындалып жатқандығы туралы мәлімет анықталған немесе қоғамдық орындарда күдік тудыратын әрекеттерді көрген жағдайда дереу құзырлы органдарға хабарласуларыңыз сұралады:
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ - 102
«Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 бабына сәйкес кез келген азамат терроризм актісі туралы мәліметтерді анықтаған жағдайда азаматтық борышын орындап, ол туралы құзырлы органдарға дереу хабарлауға міндетті!Терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақы төленетіндігін қаперіңізге саламыз!
Сыйақы бір рет төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) АЕК.