"Чек талап ет - жүлде ұтып ал» акциясы

Қаланың сауда орталықтарында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» жылдық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында қала тұрғындарына, тұтынушыларға таратпа материалдар табысталып, акция жөнінде ақпарат берілді.Акцияға тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушы фискальды түбіртектің қарапайым көшірмесін ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.Сыйлықтарды ұтыс ойындары және тапсыру ай сайын Қазақстанның барлық аймақтарда жүргізіледі. Финалға шығу және суперсыйлықты ұтыс ағымдағы жылдың аяғында Мемлекеттік Кірістер Комитетінде өткізіледі. Акцияға қатысу үшін азаматтарға көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы акция жүргізілген мезетегі алынған түбіртектердің фотосуреттерін жолдаудары қажет. Ұтыстың жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады.