Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

21 маусым күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Ақпараттық жұмыс тобы» Ақтөбе қаласының Құршасай және Жаңақоныс елді мекендерінде кездесулер өткізді. Топ құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Б.Айдосов, ардагер әкімдері алқасының мүшесі С.Ботағарин, мәдениет саласының ардагері Е.Құрманбек, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD докторы Т.Тоқсанбаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ АОФ халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің басшысы С.Оңғар. Жоба аясында топ мүшелері аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президентінің Жолдауын және 5 әлеуметтік бастама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік құралдар таратылды. Аталған елді мекендердің үздік оқырмандарына облыстық "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттеріне тегін жазылу 27 сертификаты табысталды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.