Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді, Елордамыз-Астананың 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Астанамыз күн санап өркендеп өсіп келуде. Қазірга таңда жас Елордамыз өзге елдердің астаналарымен бір сатыда тұр десемде қате айтпаған пікірім болар деп есептеймін.
Осы уақытқа дейін жеткен жетістігіміздің барлығы Елбасымыздың сауатты саясатының арқасы деп білемін.
Аз ғана уақыт ішінде астанамыз танымастай өзгерді. Астананы қызықтап келушілердің саны күннен күнге артуда. Елбасымыздың кемеңгерлігінің арқасына былтырғы жылы «EXPO-2017»халықаралық көрмесі өтті. Осы халықаралық көрме арқасында елімізді әлемдік аренада одан әрі дәлелдеуімізге үлсен серпіліс берді.
Сәулеті мен дәулеті жарасқан Астанамызды әлем тануда. Астана тәуелсіздігіміздің түлегі. Астанамыз халқымызға жаңа белестерді алуға, өмір сүру жағдайын жақсартуға үлкен құлшыныс беруде.
Қазақстанның отау тіккен ордасы Астанамыз жасай берсін, өркендей берсін!
Кеңес Бірманов,
Ақтөбе облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы