Қадірменді Отандастар!

Қадірменді Отандастар!
 Егеменді еліміздің елшісі, Тәуелсіздігіміздің белгісі, қарыштаған экономикамыз бен жасампаз жаңғыруымыздың куәсі, шоқтығы биік, сәулеті дара, арман қала Астана - біздің бас қаламыз.
 Үкілеген үмітті іске асырған, мақсаттарды межеге жеткізген, армандарды асқақ еткен Отанымыздың ордасы сұлу Астанамыздың да бой түзеп, бас көтергеніне 20 жыл уақыт өтті.
 Сәулетімен сүйсіндіріп қана қоймай, ел дамуын сәніне сәйкес еткен мәуелі мекен – күн санап құлпырып, сағат санап сұлулана түсуде.
 Дамыған еліміздің даңқының үстем болуы үшін мәдениеті артып, сәулеті салтанат құрған, тұрғындары рухани жаңғырып, білімі биік бола бастаған ел жүрегі Астана - бірлігіміздің мекені.
 Көршілеріміз көз тігіп, сүйсіне да қызыға қараған сұлу қала – ұрпаққа берер аманат, ұлыдан қалар мұра болмақ!
 Барша қазақстандықтарды Астана күнімен шын жүректен құттықтап, күн санап құлпырған, жүрегіне жыр тұнған ару Астанамыз тек берекелі бірлік пен баянды бақыттың, мәдениет пен өркениеттің ордасы болсын, ел -жұрты жарқын, болашағы айқын болсын демекпін!
Әлем таныған жас қала бейбіт елдің бесігіне, жаңғырудың есігіне айналсын!
Жеңісгүл Мұхамбетпаизова – Ақтөбе облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі