Алқа отырысы

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Елеусінованың төрағалығымен кезекті алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына Ақтөбе қаласы және барлық аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен жастар ресурстық орталықтарының директорлары қатысты.
Күн тәртібінде өңірде Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары, «Туған жерге тағзым» акциясының орындалу барысы, қоғамдық-саяси ахуал жағдайы, жастар саясатының жүзеге асырылуы және т.б. өзекті мәселелер қаралып, 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылатын тиісті жұмыстар айқындалды.
Алқа отырысынан соң облыстық ішкі саясат басқармасы, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері "Аналар үйініне" барып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. "Аналар үйіндегі" кішкентай бүлдіршіндер мен аналарына ойыншықтар, жөргектер, басқа да қажетті керек-жабдықтар мен сыйлықтарды тарту етті.