«Туған жерге тағзым» акциясының Алға ауданында жүзеге асырылуы

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Алға ауданында 423 млн 920 мың теңге 56 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 92 млн 432 мың теңгеге 20 жоба жүзеге асырылды.
Аудан бойынша ірі жобалар:
«Тоқмансай» ЖШС директоры Ө.Өтепбергенов 100 млн теңгеге Тоқмансай ауылдық округіне әкімдік ғимаратын салып береді;
Бестамақ ауылдық округіндегі Ақтөбе медресе колледжінің жанынан салынып жатқан спорт кешені – 78 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Алға қаласында 19 ауланы абаттандыру және кіші архитектуралық мүсіндер орнату қажеттілігіне байланысты «Актеп»ЖШС басшысы Н.Сағыналин 40 млн қаражат бөлді.
«Жансая» шаруа қожалығының демеушілігімен Қарағаш ауылына қарасты Самбай ауылына 20 млн. теңгеге саябақ салу, «Айбек» өндірістік кооперативінің басшысы С.Қалдығұловтың демеушілігімен 118 млн. теңгеге Амангелді ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.