Ақтөбе өңірінің тарихи және киелі жерлерімен танысу мақсатында Қарағанды облысынан 68 оқушы келді

Ақтөбе өңірінің тарихи және киелі жерлерімен танысу мақсатында Қарағанды облысынан 68 оқушы келді. Бұл жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Облыстық білім беру басқармасымен өлкеміздің көрікті жерлері мен сакралды объектілерін қамтитын үш күндік маршрут құрылды.
Бірінші күні жас қонақтарымызды «Ару қала- Ақтөбе» мәдени, тарихи, әлеуметтік-экономикалық және архитектуралық қала объектілерімен танысу мақсатындағы экскурсия күтуде. Сонымен қатар балалардың аквапарк, «Керуен» және «Yurta park» демалыс зоналарына баруы қарастырылған.
Екінші күні қонақтар Қобда ауданындағы «Әлия» патриоттық тәрбиелеу орталығына, “Абат-Байтақ” мемориалдық кешеніне, Қыз-әулие кесенесіне, Қобда аудандық мұражайына және де Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне барады.
Үшінші күні қонақтардың экскурсиясы Алға ауданына Бестамақ аулындағы Есет батыр кесенесіне барумен жалғасады.