Облыстық Қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихаттың біріккен көшпелі отырысы

2018 жылғы 5 қыркүйекте құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай күйі және одан әрі күшейту бойынша Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында облыстық қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихаттың біріккен көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
Іс-сапар барысында қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімін, «Бақытты бала» скверін, учаскелік полиция пунктін, Қандыағаша қалалық №1 жалпы білім беру мектебін аралады.