Облыстық Қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихаттың біріккен көшпелі отырысы

2018 жылғы 22 тамызда құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің жай күйі және одан әрі күшейту бойынша Хромтау қаласында облыстық қоғамдық кеңестің және облыстық мәслихаттың біріккен көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
Іс-сапар барысында қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Хромтау аудандық ішкі істер бөлімін, №2 учаскелік полиция пунктін, тау-кен техникалык колледжін және Хромтау балалар жасөспірімдер спорт мектебін аралады.