Анаға тағзым

20-21 қыркүйек Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында алғаш рет «Анаға тағзым» аналар Слеті өтеді.
Слеттің негізгі мақсаты - қоғамдағы әйел-ананың әлеуметтік рөлі мен мәртебесін арттыру, заманауи отбасы, ана және бала, демографиялық саясат мәселелеріне мемлекеттік органдар мен қоғамның назарын аударту, олардың нақты жолдары мен шешімдерін жасақтау.
Форумға 1200-ге жуық қоғам, жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ, еліміздің барлық өңірлерінен бизнес-құрылымдар өкілдері қатысады.
Слетқа қатысушылар үшін ауқымды бағдарлама дайындалды. Олар екі күн ішінде облыс орталығының көптеген қоғамдық және мәдени нысандарына барып, түрлі іс-шараларға қатысады.
Бірінші күннің кешінде студенттер сарайында «Әйел әлемді тербетеді» атты концерт өтеді.
21 қыркүйек сағат 09:00-де «Анаға тағзым» орталығының салтанатты ашылуы өтеді. Еске сала кетейік, Қазақстанда алғашқы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығы әрқайсымыз үшін атаулы әрі құнды, барлығы аналарға құрмет көрсету үшін жасалған. Орталықтың экспозициялық залында келушілер Бопай Ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова және Қазақстан тарихында маңызды рөл атқарған өзге де ұлы әйелдердің өмірі мен ерліктері туралы толығырақ біле алады.
Ұлы әйелдердің мұрасын көтермелеуімен қатар, орталықта жас ұрпаққа білім беру-тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі, психологиялық көмек және кеңес беру, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық білім, стиль және дизайн, отбасылық тәрбие және басқа да кабинеттер жұмыс жасайтын болады, қазіргі қоғамда жастарға қажет құндылықтарды дамытуға мүмкіндік береді.
10.00-ден бастап Өнер орталығының фойесінде «Барлығы Аналар үшін!» атты тақырыптық көрмесі ұйымдастырылады.
21 қыркүйек 10.30-да Өнер орталығында Аналар Слетінің салтанатты ашылуы өтеді.
Слет аясында 14.30-16.30 аралығында «Әлемді тербеткен ана» тақырыбында секциялық мәжілістер мен іс-шаралар өткізіледі: білім, мәдениет, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жастар мәселелеріне қатысты жеті тақырып бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сыныптар.
Сағат 17.00-де Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Бір түп алма ағашы» спектаклі өтеді.