Ақтөбе облысының жұртшылығы Президент Жолдауының міндеттерін қолдайды

Ақтөбе облысының әкімдігінде, өңірдегі мемлекеттік мекемелерде, ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын ұжым болып көрді.
Қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымы ел Президенті атап өткен міндеттерді бүтіндей қолдайды. Әрқайсысы Жолдаудағы өздері үшін маңызды бағытты атап өтті.
Профессор, филология ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов мұғалім мәртебесін көтеру шараларының маңыздылығын атап өтті.
«Білімге баса назар аударылған болатын. Президент мұғалім мәртебесінің жүйелік проблемасын уақытында көтерді және педагогтарды қолдау шаралары қабылданатынын айтып, осы мәселенің нүктесін қойды. Бұл білім саласын дамыту үшін маңызды шешім, - дедіАлтай Тайжанов.
Белгілі болғандай, мемлекет басшысы жүктемені азайту, мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерін ынталандыру мәселелерін қарайтын «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді тапсырған болатын.
Сондай-ақ, Президент өңірлік қалалық инфрақұрылымды дамыту қажеттігін де атап өтті. Ол үшін биыл жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен қайта қалпына келтіруге бөлінетін қаражат 150 млрд теңгеге дейін, ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 100 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
«Республика көлемінде жолдар мен көпірлерді салуға, соның ішінде біздің өңірде де үлкен қаражат бөлінеді. Қаржылай қолдаудың мол қоры Мемлекет басшысының ауылдар мен аудан орталықтарын облыс орталықтарымен байланыстыратын сапалы жолдардың құрылысы туралы тапсырмасын толық орындауға мүмкіндік береді. Бұл шара ауылдың дамуына күмәнсіз серпін береді», - деді «Trans-MostGroup» құрылыс ұйымының бас директоры Төлеген Таңатаров.
Сонымен қатар, еңбек ардагері Есімхан Есенбаев Мемлекет басшысының Жолдауы ел азаматтарының ең өзекті мәселелерін шешудің нақты бағдарламасы болып табылатынын атап өтті.
«Мені жастарды тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінгендігі қуантады. Президент айтқан көптеген әлеуметтік мәселелер Ақтөбе облысында шешіліп жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, соңғы үш жылда 60 жаңа мектеп салынды, медициналық кластер құрылды, азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымын және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін басқа да көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Менің ойымша, олардың барлығы Мемлекет басшысының Жолдауында қосымша қолдау табады», - деді Есімхан Есенбаев.
Ол сондай-ақ, ардагерлер мен қоғам қайраткерлерін Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарына белсене араласуға шақырды.«Әрбір отандасымызға өздерінің әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет қабылдаған шаралары туралы ақпарат беру біздің міндетіміз болып табылады», - деп қорытындылады ардагер.