Ақпараттық жұмыс

2018 жылдың 9 қазанында облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Қалауовтың төрағалығымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру мақсатындағы ақпараттық топтардың аудандарға шығу мәселесі бойынша кеңес өтті.
Ақпараттық топтарының құрамында облыстық басқармалар мен департамент басшылары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Ағымдағы жылдың 10-12 қазаны аралығында ақпараттық топ мүшелері облыстың 6 ауданына барып, елді мекендердің тұрғындарымен кездеседі.