Тұрғындармен кездесу

10 қазанда Алға ауданының Сарықобда және Ақай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бастаған ақпараттық топ мүшелері Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.