Ақтөбе облысында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендетілуде

Ақтөбе облысында коммуналды қызметтердің тарифтерін төмендету шаралары қабылданып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникацияар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.
«Елбасы тапсырмасына сәйкес, өңірде мемлекеттік органдардың, монополияға қарсы қызмет пен прокуратура органдары өкіледрінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Басты мақсат – әрбір тарифтің өзіндік құнын жете зерттеу, кәсіпорындардың артық шығындарын алып тастау, осылайша қызметтердің ақырғы құнын халық үшін төмендету. Мұндай жұмыстар коммуналды қызметтердің барлық түрлеріне жүргізілуде»,-деді Б.Сапарбаев.
Осылайша, бүгінгі күні «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-нің 2016-2017 жылдардағы қызметінде 314,49 млн теңге сомасында негізсіз табыс анықталды. Нәтижесінде, осы жылдың 1 қарашасынан бастап тұрғындар үшін электр энергиясы 1 кВт/сағ үшін ҚҚС қоса алғанда 10,35 теңгеден  9,62 теңгеге дейін, немесе 7%-ға төмендетілді.
Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бастап газбен жабдықтау тарифі 12,6%, жылу мен ыссы су - 3,7%, салқын су - 1,5% төмендетілмек.
Көмір 15%-ға дейін арзандайды»,-деп қосты облыс әкімі.