Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі туралы

Облыс әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі туралы 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдардың, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есептік кездесулер өткізу жөніндегі» Жарлығына сәйкес, 2019 жылы 15 ақпан күні 11.00-де Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын арнаулы жәшіктерде қалдыра алады. Жәшіктердің орналасқан жері туралы толық ақпарат облыс әкімдігінің www.aktobe.gov.kz ресми сайтында орналасқан.