«Ұлы даланың жеті қыры»: ақтөбелік жастарға шығармашылық байқауы жарияланды

Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бағыттарды жастар арасында насихаттау мақсатында ең үздік логотип байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – Жастар жылы аясында қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы өңірдегі​ шығармашыл жастардың өнерін дамыту, қолдау және насихаттау.
Байқау келесідей тақырыптар бойынша өткізіледі:
— «Атқа міну мәдениеті»,
— «Ұлы даладағы ежелгі металлургия»,
— «Аң стилі»,
— «Алтын адам»,
— «Түркі әлемінің бесігі»,
— «Ұлы Жібек жолы,
— «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны»,
— «Ұлы даланың ұлы есімдері»,
— «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы».
Байқауға қатысатын жұмыстар 2019 жылдың 24 ақпанына дейін қабылданады. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады және ұсынылатын жұмыстарды uly_dalanyn_7qyry@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Жүлдегер алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқау туралы толық мәлімет алу үшін және сұрақтар туындаған жағдайды байқаудың өткізілуіне жауапты мамандарға байланысқа шығуға болады.
— Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы, тел: 56-78-24,
— Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиеті,
Кәсіби-шығармашылық факультеті, тел:54-45-52.