«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысы жалғасады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының көктемгі кезеңін жүзеге асыру мәселесін қараған отырыс өтті.
Жиынға барлық құқық қорғау органдары мен жауапты мекеме басшылары, қала және аудан әкімдері селекторлық бейнебайланыс арқылы қатысты.
Жиын барысында бірқатар басқармалар мен департаменттердің басшылары баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Облыс басшысы жобаны жүзеге асыру бойынша облыстық дін істері басқармасы және облыстық ішкі істер департаментіне, аудандарға шығатын басқарма басшыларына вахталық ауылдарда өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, жиында облыстық ішкі саясат басқармасына әлеуметтік желілермен жұмыс жасауды арттыруды, облыстық ішкі істер департаментіне аудан әкімдерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде учаскелік инспекторлардың жұмыс сапасын күшейту қажеттігі баса айтылды.