Ақпараттық жұмыс тобы

Жұма, 5 сәуір күні «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру бойынша ақпараттық жұмыс тобының кездесуі өтті.
Кездесуге ішкі саясат басқармасының басшылығы мен облыстық ақпараттық топтың мүшелері қатысты.
Ақпараттық топ құрамына зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО профессор-оқытушылары, еңбек ардагерлері, жас ғалымдар және ҮЕҰ өкілдері енгізілген.
Жобасы аясында ақпараттық топ Байғанин, Темір, Мұғалжар, Алға және Шалқар аудандарының 37 елді мекенінде 46 кездесу өткізіп, 4 мыңға жуық адамды қамтитын болады. Олардың ішінде вахталық поселкелер мен шалғай елді мекендер тұрғындары, түрлі саладағы кәсіпорындардың және т.б. еңбек ұжымдары бар.
Айта кетейік, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы 8 – 24 сәуір аралығында облыстың 5 ауданында өтетін болады.