Мемлекеттік рәміздер

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Техникалық реттеу және метрология департаменті білім беру мекемелерінің арасында ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, оларды қолдану талаптары мен тәртібіне арналған семинар ұйымдастырды.
Семинарға Ақтөбе қаласы мектептерінің, мектепке дейінгі ұйымдары мен колледждердің басшылары қатысты.
Семинар барысында ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы А.Ахметов сөз сөйлеп, Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша қолданыстағы Заңының талаптарын түсіндірді.
Департамент өкілі А.Альниязов Мемлекеттік рәміздерге қолданылатын стандарт талаптарын түсіндірді.
Семинар ашық форматында өткізіліп, қатысушылар сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер алды.