Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Бүгін, 19 сәуір күні облыстық ақпараттық жұмыс тобы Алға ауданының Қарағаш, Нұрлыбұлақ және Тамды ауылдарына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде әлеуметтік мәселелер, міндетті медициналық сақтандыру, т.б. мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы түсіндірілді.Қатысушыларға аудандық баспа басылымына 6 тегін жазылу сертификаттары табысталды. Бұл кездесу "Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясында ұйымдастырылды.