Басқарма басшысының орынбасары

Төлегенов Жақсат Сәндібайұлы – 1986 жылы 24 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық Заң университетін Заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Халыққа қызмет көрсету орталығы Темір филиалының инспекторынан бастаған. Әр жылдарда Темір аудандық білім бөлімінің заңгері, бас маманы, Темір аудандық әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Темір аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық және қаржы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының міндетін атқарушы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Заң бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, Ақтөбе облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Темір ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болып қызмет жасады.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
Әр айдың екінші аптасының сейсенбісі 15.00 - 17.00 аралығында
Добавлено: 
16.01.2019 - 05:00
Последние изменения: 
16.01.2019 - 05:00