Сараптамалық талқылау

Ағымдағы жылдың 3 мамыры күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Мәңгілік ел» конференция залында «2019 жылғы Электоралды кампанияның ерекшеліктері» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті.
Талқылауға облыстың ғылыми интеллигенция, Қазақстан халқы Ассамблеямы, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, білім және мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты.
Белгілі отандық сарапшылар Марат Шибутов, Ерлан Саиров, Андрей Чеботарев биылғысайлау науқаны туралы өз пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ кездесуде профессор, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, М.Оспанов атындағы БҚММУ әлеуметтік-саяси тәртіп кафедрасының меңгерушісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Алтай тайжанов, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ кафедра меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдуллаев сөз сөйледі.
Талқылауда сарапшылар мен ғылыми интеллигенция өкілдері биылғы сайлаудың ерекшеліктерін талқылады.