Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасуда

Облыс әкімі О.Оразалиннің және облыстық прокуратураның бастамасымен 7-24 қазан аралығында Ақтөбе облысының 6 ауданында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда.100-ден астам қызметкерлер мен сарапшылар Хромтау қаласы мен 26 ауылға барып, жұмыстар жүргізді.Шамамен 600 іс-шаралар өткізіліп, 18 мыңнан астам адам қамтылды. 191 адам нақты көмек алды.Діни негіздермен екпе (вакцинация) алудан бас тартқан жанұялармен кездесу өткізілді.Медициналық сақтандыру жүйесін және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын түсіндіру жүргізілді.I.Діни мәселелер және ауқымды түсіндіру жұмыстары.Еліміздің танымал 2 теолог мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.«Жусан» арнайы операциясы шеңберіндегі Сириядан қайтарылған тұлғаларға әдістемелік көмек көрсетілді.Семинар-тренингтер өткізілді, діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттау деректі фильмдері көрсетілді.ІІ. Бизнесті дамыту240 адам бизнес саласындағы 3 түрлі мастер-класстардан өтті.Кіші бизнестің 24 субъектісін аралап, 256 адам тиісті кеңес алды.17,9 млн. тенгеге 7 бизнес-жобалар мақұлданды.Бөлек тұлғалар «Бизнес бастау» және «Бизнес кеңесшісі» курстарында орналастырылды.ІІІ. Әлеуметтік қолдау56 тұлға жұмыспен қамтылды. 9 тұлғаға жәрдемақылар тағайындалды. Облысымыздың үздік дәрігерлері ауылдарда 133 науқасты емдеді.«Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясымен 34 аз қамтылған отбасыларын материалдық көмек көрсетілді.ІV. Ақпараттық жұмыс3 мыңға жуық ауыл тұрғындарына Президент жолдауы, Ұлт жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар мазмұны жеткізілді. Жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремизмге қарсы мазмұндағы бейнероликтер таратылды. Интернетте 182 террористік мазмұндағы материалдар анықталып, олар бүгінгі күнге жабылуда.V.Құқық қорғау шаралары және террорлық актілері қауіпіне дайындық.1,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерді, 250-ге жуық оқушылар мен оқытушылар террорлық акті қауіпі тындаған кездегі тәртіпке оқытылды, 1800 аса буклеттер таратылды.Терроризмге бейім 72 объект зерттелді. «Участок» жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде 32 тұлға, «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Аудандық жедел штабтардың террорлық қауіпке дайындығын жоғарлату бойынша басқа да шаралар жүргізілді.