Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Жедел штабының ақпараттық хабарламасы

Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы
Жедел штабының ақпараттық хабарламасы
Құрметті ақтөбеліктер!
2020 жылдың 6 сәуірінен бастап Ақтөбе қаласына енгізілген карантин режиміне қарамастан, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбеюде.
Бұл шетелдерден және өзге өңірлерден келген азаматтармен жақын байланыста болған тұрғындар мен инфекция белгілері болған азаматтардың жасыруынан және карантин режимін бұзушылардың себебінен болып отыр.
Осындай азаматтардың жауапсыздығы олардың жақындарының инфекция жұқтыруына әкеліп, қазіргі кезде әрбір ақтөбелікке қауіп туғызуда.
Сондықтан, коронавирус инфекциясының одан әрі өршуіне жол бермеу үшін карантин режимі күшейтіліп, қатаң шектеу шаралары қолданылады.
Отбасының бір ғана мүшесі үш күнде бір рет қана жақын маңдағы дүкендер мен супермаркеттерге, дәріханаларға баруы керек.
Қала ішінде жұмыс кестесі мен қызмет орны көрсетілген анықтамасы бар жұмыс жасайтын тұлғаларды қоспағанда, тұрғындардың жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу, алып кетуді көлікпен тасымалдауды ұйымдастыруы қажет.
Егер дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы сияқты тұмау мен суық тиюдің белгілері пайда болған жағдайда, үйден өз бетінше ем қабылдамай, тез арада жедел жәрдем қызметін шақырыңыз.
Қымбатты қала тұрғындары!
Сіздерден көрсетілген шараларды қатаң сақтауды сұраймыз!
Тәртіпті күшейту арқылы ғана қауіпті індеттің жаппай таралуының алдын аламыз!
Карантин режимін бұзушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады!