Ақтөбеде санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылануда

Ақтөбе облысының әкімі   карантин режимінде қаладағы   жұмыс жасап тұрған базарлардың  жұмыстарын тексеруді жалғастырды.17 сәуір, жұма күні    облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауылшаруашылық техникаларына арналған бөлшектер сатумен айналысатын «Батыс Қазақстан Жәрмеңкесі»  жәнемал және жем- шөп сататын «Орталық мал базарында»  болды. Ондағы мақсат санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау, қауіпсіздікті тексеру. Аралау барысында  мал  базарының жағдайы заман талабына сай емес, санитарлық нормалар  орындалмаған.  Облыс  әкімі Оңдасын Оразалин мал базарының ашылуына рұқсат бермеді.  Дегенмен, мұндағы мал  сою бөлімінің  жұмысы жалғасады. Жем- шөп сатып алуға келушілер базар ішін емін- еркін аралап жүруіне де тыйым салынды. Азаматтардың топтасуын, бір- бірімен байланысқа түсуін азайту мақсатында келген тұтынушылар базар сыртында қалып,  оларға жем-шөп қапталып жеткізілетін  болады.Көктемгі егістік науқанына байланысты ауылшаруашылық  техникаларын сататын базардың  жұмысы қызып тұр. Облыс әкімі санитарлық талаптардың орындалып отырғандығына көз жеткізді.  Сатып алушы мен сатушылар арасындағы қашықтық сақталады, базарға кіру шығу қақпалары бөлек орналасқан. Осы талаптардың орындалуына орай облыс басшысы базардың қызмет көрсетуіне қарсылық танытпады.