Құрметті ақтөбеліктер!

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 27 Қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекция бойынша Ақтөбе облысында әрі қарай шектеу және Ақтөбе қаласында карантиндік режим шаралары қабылданды.
1. Облыс орталығында COVID-19 ауруы деңгейінің 7 күн ішінде 7% - дан жоғары өсуіне байланысты Ақтөбе қаласыдағы келесі кәсіпкерлік және ұйым нысандарының жұмысын жандандыру тоқтатылады:
- азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарлары;
- ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер;
- спорт объектілері (спортшылар үшін);
- сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілер;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар;
- автомобиль вокзалдары;
- азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі;
- жазғы сауықтыру лагерлері;
- сауда орталықтары, үйлер;
- фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері (халыққа арналған);
- бассейндер, аквапарктер;
- бильярд, боулинг орталықтары;
- компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары;
- букмекерлік кеңселер, лото.
2. Ақтөбе қаласында 2020 жылдың 18 мамырдан бастап келесідей кәсіпкерлік нысандары мен ұйымдарына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат беріледі:
- балаларға арналған түзету кабинеттері (топта 10 адамнан артық емес);
- мәдениет объектілері (қызметкерлер үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);
- туризм объектілері (демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.));
- білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., топтарда 10 адамнан аспайтын));
- отыратын орын саны 30-дан аспайтын және жұмысты уақытша 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелген қоғамдық тамақтану объектілері (жазғы кафе режимінде жұмыс жасау артықшылығымен);
- сұлулық салондары, барбершоптар (тек алдын ала жазылу бойынша).
3. 2020 жылғы 18 мамырдан бастап облыс аудандарында келесі кәсіпкерлік нысандары мен ұйымдарының күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі:
- білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., топтарда 10 адамнан аспайтын);
- мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар (жасы бойынша);
- спорт объектілері (спортшылар үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);
- мәдениет объектілері (қызметкерлер үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз);
- жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектеп және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік базарларына;
- жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік емес базарларына (ғимараттардан тыс);
- жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ауданы 2 мың ш. м. дейін азық-түлік емес дүкендеріне;
- жұмыс уақытын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша шектей және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып орын саны 30-дан аспайтын қоғамдық тамақтану объектілеріне.
4. Ақтөбе қаласында және аудандарда ойын-сауық, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық (той) және еске алу шараларын өткізуге, діни орындарға баруға тыйым салынады.
5. Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №26 қаулысының 2.3 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынады, облыстың блок бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтіп, басқа өңірлерден келген адамдарды оқшаулау қамтамасыз етіледі (оның ішінде Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тұрғындары).
6. Ақтөбе қаласы және облыс тұрғындары көрсетілген рұқсат етілген нысандарға барған кезде алдын-алу шараларын, бетперде тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтаулары қажет.
Сізден көрсетілген шараларды қатаң сақтауды сұраймыз!
Бұл сіздің денсаулығыңызды, жақындарыңыздың және басқалардың денсаулығын сақтау үшін қажет!