Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі 2020 жылдың 24 маусымға ауыстырылды

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есептік кездесуі 2020 жылдың 24 маусымға ауыстырылды.

Кездесу сағат 13.30-да оnline режимінде өтеді.

Алдын ала есептік кездесу бағдарламасы келесідей:

- сағат 13.30-дан 15.00-ге дейін - Министрдің баяндамасы және Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube ресми парақшаларында трансляция арқылы азаматтар мен БАҚ мәселелеріне арналған "шұғыл" желінің жұмысы;

- сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін - "Хабар 24" т/к брифинг және трансляция

Құрметті қазақстандықтар, өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрге келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыздар:
-"Ашық диалог" порталындағы Министрдің блогы (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome);
- Министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің"сұрақ-жауап" (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru);
- электрондық мекенжайы: ask@mti.gov.kz;
-сондай-ақ Министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына хабарласу арқылы.
Бұл ретте, "Есептік кездесу үшін" деген белгіні қою қажеттігіне назарларыңызды аударамыз. Бұл сұрақтарға Министр тікелей эфирде жауап береді.
Сұрақтарыңызды  өңдеу үшін, әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты сұрақтарыңызды 10 маусымға дейін жіберуді ұсынамыз.
Анықтама үшін телефон:  -8 (7172) -74 98 97; 8 701 701 01 34.