«Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақтөбе облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамызындағы №ПГСВ-51 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«тыйым салынсын:
- конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне;
- балаларды сауықтыру лагерлері қызметіне;
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталуымен 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда;
- фудкорт, банкет залдарының қызметіне;».
2) 1-тармақтың 1.2. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Демалыс (жексенбі) және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізу:
- сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтарының (бутиктердің) жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;
- азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың;».
3) 1-тармақтың 1.3. тармақшасын мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
«- маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етуді;
- театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып);
- сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;».
4) 1-тармақтың 1.2. тармақшасының 3, 9, 12, 15-абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (объектіде келушілердің 30% - дан аспауы қажет, 1 келушіге - 4 м2), жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгілене отырып, толтырылуы 30% - дан аспайтын және 1 келушіге 4 м2-ден кем болмайтын жағдайда №43 ҚР БМСД қаулысының талаптары сақталған кезде жұмысына рұқсат етуді;»
«- балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылумен жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отыра, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;»
«- ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;»
«- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Н.А. Беркімбаева